Шәкірт жүрегіне сәуле құйған

Жаратылысынан айтылғанның бәрін жете түсінген, көргенін жадында тоқи білген, мейлінше шешен, жанындағыларға жақсылық пен ізгілік жолын нұсқайтын, біз үшін қашанда әзиз саналатын жандардың арамызда бары зор мәртебе. Солардың бірі – ардагер ұстаз, Қазақ ССР және КСРО Халық ағарту ісінің үздігі Аманжол Жолмағамбетов.
Қазақ «бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» деп бекер айтпаса керек. Аманжол Жолмағамбетов те шеберлігі мен ұсталығы көпшілікке мәлім болған әкеден көргенін көңілге түйіп, жастайынан өнерге, еңбекке құштар болды. Ержете келе көрген іске қызыға қарап, жақсыны үйренгенше тыным таппайтын еңбекқорлығының арқасында жеті бірдей кәсіптің қыр-сырын меңгеріп алды.
Өзі біліп қана қоймай, көңілге түйгенін кейінгі ұрпаққа ұлағаттап жеткізу жолында жемісті еңбек атқарған ұстаз қаладағы білімнің қара шаңырағына баланатын Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектепте отыз жыл қызмет атқарды. Ағамыздың сол жылдар көлемінде еткен еңбегі мен шәкірттерге берген тәлім-тәрбиесін бүкіл аудан біледі десем артық айтқандық болмас.
Қашан да ерен еңбектің еленбей қалған кезі болған емес. Өз кезегінде «Қазақ ССР және КСРО Халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісін кеудесіне таққан Аманжол Жолмағамбетов 1988 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Құрметке лайық азамат 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Мұнан бөлек, облыстық, аудандық кәсіподақ ұйымының Алғыс хатын алса, тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері аудан, қала әкімінің, облыстық мәслихаттың, өзге де құрылымдар мен серіктестіктердің Алғысына ие болды.
Аманжол Жолмағамбетов еңбек пен шығармашылықты қатар ұстап келеді. Қаламынан құнды дүниелер туатын аузы дуалы ағамыздың мақалалары аудандық басылымдардан бөлек, облыстық «Сыр бойы», «Сыр ардагері» және республикалық «Айқын» газеттерінде жарық көріп келеді.
Енді, міне, «Толқынның» тілеулесінің «Жиған-терген» атты кітабы жарық көріп отыр. Жаңа кітапты қызыға парақтадым.
Кітап – рухани қазына. Ардагер ұстаз құрастырып шығарған кітаптың өн бойынан тағылымы мол дүниелерді тамсана оқи аласыз. Сондай-ақ даналық өрнектері топтасқан қалың мұқабалы кітап жас буынды еріксіз өзіне тартатыны анық. Жалпы, Аманжол Жолмағамбетовтің жиған-тергені, әр кездерде газет беттерінде жарық көрген мақалалары дініміз бен дәстүріміз туралы жан-жақты мағлұмат береді. Әсіресе қанатты сөздер мен билер шешімдері, шариғат заңдылықтары оқырман үшін орны бөлек құнды дүние екені анық байқалады. Ендеше, тұшымды дүниені сіз де оқып көріңіз. Өкінбейсіз.