Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер тегін техникалық-кәсіптік оқуға жіберілетін болады

ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер тегін техникалық-кәсіптік оқуға жіберілетін болады

Бұл туралы Үкіметтің онлайн отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Халықты жұмыспен қамту мәселесі өзекті. Індет салдарынан оның маңыздылығы арта түсті. Еліміздегі барлық мемлекеттік бағдарламаның әлеуетін ескере отырып, осы жылы 1 млн 220 мың адамды жұмысқа тарту жоспарланған болатын. Бүгінде 743 мың адам осы шараларға тартылды. Оның ішінде "Еңбек" бағдарламасына 379 мың адам қатысуға ниет білдірді. Оларға кәсіпкерлікпен айналысуға 5 800 жеңілдетілген несие, 17 200 қайтарымсыз тегін гранттар берілді. Мемлекет тарапынан жалақысы субсидияланатын жұмыс орнына 156 мың адам тартылып отыр, - деді министр.
Министрдің сөзінше, қысқа мерзімдік оқыту мен кәсіпкерліктің негіздерін оқытуға 34 500 адам қатысуда. 
Қыркүйек айында қосымша 20 мыңнан астам ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер үшін жұмысшы мамандықтар бойынша тегін техникалық-кәсіптік оқуға жіберілетін болады. Жұмыспен қамту орталықтары ашық вакансияларға берген жолдама бойынша 130 мың адамға жұмыс таба білді. "Еңбек" бағдарламасының өңірлік бөлінісінің орындалуына келетін болсақ, 14 тамызға 5800 шағын несие алғандар қосымша 6151 тұрақты жұмыс орындарын аша білді. Шағын несиелеу жұмыстарында ШҚО, Қостанай облысы мен Шымкент жақсы көрсеткіштерге ие. БҚО-да белсенділік танытуы керек. 17 мыңнан астам берілген гранттардың 51 пайызы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардағы жұмыссыздарға берілді. Осы ретте Жамбыл облысы жылдық жоспарға қол жеткізді. Қарағанды, СҚО, Шымкент қаласында 80 пайызға жұмыс орындалды, - деді Нұрымбетов.
baq.kz​​​
18 тамыз 2020 ж. 475 0