Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов жұмыс сапарымен ауданда болып, жергілікті жердегі балық өңдеу зауыттарының жұмысымен танысып, балық шаруашылығына қатысты мәселелерді талқылады.Облыс әкімінің орынбасары Арал қаласымен қатар, Қаратерең, Қарашалаң елді мекендеріндегі балық қатыру, мұздату цехтарын да аралап көрді.
Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде балық шаруашылығын дамыту жөнінде арнайы бағдарлама әзірленетін болады. Бақыт Дүйсенұлы балық шаруашылығымен айналысатын мамандармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жергілікті балық шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер тауарлы балық өсіруге қызығушылықтарын білдіріп, бағдарлама жобасына өз ұсыныстарын жеткізді.
Сапар барысында Аралқұм елді мекеніндегі ветеринариялық пунктте болып, орталық жұмысымен таныс болды. Қазіргі таңда аталған пунктте аудандағы төрт түлік малға арналған ақылы қызмет түрлерін көрсетуде. Бұл қызмет аясында тұрғындарға мал емдеу және аулалар мен қораларды залалсыздандыру жұмыстары ұсынылады.
Сонымен қатар, Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіндегі орман тұқымбақтарының жұмысымен де танысты.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
02 қыркүйек 2020 ж. 568 0