Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

«Өнерлі өрге жүзер» демекші, айдынды Аралдың атын әлемге паш етіп жүрген өнерпаздарымыз жетерлік. Солардың бір парасы бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың қабылдауында болып, құрмет төрінен табылды.
Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 16-23 тамызы аралығында Болгария және Польша республикаларында халықаралық онлайн негізде өнер фестивалі өткен болатын. Аталған байқауға ауданымыздан 13 жеткіншек бақ сынап, барлығы дерлік жүлделі орындарға ие болды.
Осы орайда бүгін аудан басшысы өңір өнерпаздарының мерейін өсірген жеңістерімен құттықтап, қуаныштарымен бөлісті.
- «Өнер сайысында аудан оқушыларының халықаралық дәрежедегі байқауға қатысып, нәтижелі көрсеткішке қол жеткізгені – біздер үшін және аудан үшін үлкен абырой, зор мақтаныш. Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық. Осы қасиеттеріңізді шыңдай отырып әлі талай дүбірлі додаларда топ жарады деген сенімдемін»,- деген аудан әкімі жеңіс жүлдегерлері мен оқ бойы озық шыққан оқушыларды дайындаған жетекшілерін марапаттады.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.



10 қыркүйек 2020 ж. 668 0