Ұялы байланыс жаһанмен үндестіреді
Барша әлемді тегіс шарпыған қатерлі пандемия індеті қаншама жерден өлшеусіз қиындықтар мен зардаптар тудырғанымен, өмір ағымы өз арнасынан әсте де айнымақ емес. Жер-жердегі берекелі еңбек ырғағының толастамай, ел игілігі үшін атқарылып жатқан берекелі істер тасқыны осы пікірімізді айғақтайды.
Үстіміздегі жыл – құмды өңір төскейінде төрт түлік мал өсіріп, ырыснесібесін айырып отырған Тоқабай ауылы үшін де көңіл қуантарлық жаңалықтарға толы болды. Жыл басында еліміздің цифрлық даму бағдарламасына сәйкес ауылда интернет желісі іске қосылып, тоқабайлықтарды қуанышқа бөлеген еді. Жоғары жылдамдықты интернет желісінің іске қосылуы нәтижесінде ауыл әкімшілігі, орта мектеп, аурухана және мал дәрігерлік бекеті сияқты мекемелер ақпараттық технологияның заманауи жетістіктеріне сәйкес жұмыс істеу мүмкіндігіне қол жеткізсе, алдымен ұстаздар мен дәрігерлер қауымына басымдық беріле отырып көптеген ауыл тұрғындары да осындай қуанышқа бөленген еді. Алдағы уақытта да базалық қондырғының мүмкіндігіне сәйкес қалған ауыл тұрғындарының да интернетке қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылады.
Енді, міне, ауыл тұрғындары жаңа оқу жылы қарсаңында ақпараттық технологияның және бір жетістігіне қол жеткізіп отыр. Ауылда «Beeline» ұялы байланыс желісі монтаждалу үстінде. Бастама өз жемісін берсе, ауыл халқы ақпарат кеңістігіне еркін енетіні сөзсіз. Бұған әсіресе онлайн режимінде ұйымдастырылатын оқу процесіне қатысатын мектеп оқушылары мен студент жастар қауымының қуанышы ерекше.
Айта кетерлігі, радиусы 15-20 шақырымды қамтитын базалық қондырғы арқылы көршілес Қазалы ауданының Шәкен, Шиелі елді мекендері де ақпараттық желі жетістіктерін пайдаланады деп жоспарлануда. Сондай-ақ іргедегі Ерімбетжаға елді мекені мен құм қойнауларында отырған малшы қауым да осы игілікті істі пайдаланбақ. Сәті болсын дейміз.

Нағаш Сары