Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ҚАЛАДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ҚАЛАДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандық емхана ғимаратында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысып шықты.
Қазіргі таңда емхана ғимаратының сырты қапталып, терезелері мен едендері ауыстырылуда. Сонымен қатар, нысан жылу маусымында газ отынына қосылатын болады. Бүгінде емханадағы құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталып, көгілдір отынға қосуға дайындық шаралары жүргізілуде.
Аудан басшысы емхана ішін аралап, жаңадан ауысқан едендер мен терезелерді көріп шыққан соң, жауапты мамандарға жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды. Бұдан кейін дәрігердің қабылдау бөлмелерінде болған аудан әкімі жұмыс барысы жайлы сұрап, ақ халаттылардың істеріне сәттілік тіледі. Ауданаралық аурухананың бас дәрігері М. Ршымбетов емхана ішіндегі дәріханадағы дәрі-дәрмек қоры мен олардың тиесілі адамдарға тегін босатылу жолдарын түсіндіріп өтті.
Одан соң аудан басшысы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан су резеруры V-300 м3 болатын ІІ көтермелі су насостық станциясы құрылысының басына барды.
Аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс нысанының сапалы әрі тиянақты жүргізілуін басты назарда ұстау қажет екендігін айтты.
Атап өтейік, бұл насостық станция іске қосылған сәтте қаладағы №1 шағын ауданына су жеткізіліп, Жаңа ауыл және автобаз мөлтек аудандарына жіберілетін ауыз судың қуаттылығы артатын болады.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.


22 қыркүйек 2020 ж. 470 0