Аралда екі балық цехы ашылды

«100 тонна балықты сақтайтын цехты кәсіпкер Жандос Құлманов оны өз қаражатына салды. Мұнда келген балық алдымен жуылып, тазартылады. Сондай кейін қатырылып, қорапқа салынады. Яғни, балық ұзақ мерзімге жарамды. Кәсіпкердің теңізде балық аулайтын арнайы бір учаскесі бар. Онда 50 балықшы су маржанын аулайды. Ал цехта 20 адам жұмыс істейді», – дейді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.
Ал Көкарал балық өңдеу цехында су маржаны терең өңделеді. Ерекшелегі, көпшілік бағаламайтын майда шабақтарды кәдеге жаратады. Яғни, ет тартқыштан өткізіп, фарш дайындайды. Ал ірі балықты қақтап, нарыққа шығарады. Сондай-ақ, цехта бұқтырылған балықтан арнайы консервіленген өнім әзірленуде. Шабақ балықтарға түрлі дәмдеуіштер қосылып, ыстық суға қайнатылады, банкіге басылады. Жасалу технологиясы қарапайым, бірақ дәмі ерекше, сақталу мерзімі ұзақ.
https://kyzylorda-news.kz/