Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданы: Пандемия ішкі туризмнің дамуына мүмкіндік берді (ВИДЕО)

Арал ауданы: Пандемия ішкі туризмнің дамуына мүмкіндік берді (ВИДЕО)

Kyzylorda-news.kz. Пандемия салдары қазіргі таңда әлемдік дәрежеде бірқатар салаларға кері әсерін тигізіп, оның ішінде туризм саласын да айтарлықтай дәрежеде зардап шектірді.
Дегенмен, бұл жағдайда әлемдік сыртқы туризм саласы деңгейінің төмендетіп, ішкі туризмнің дамуына мүмкіндік берді.
Осы орайда, туристік нысандарды зерттеу және оларды жандандыру мақсатында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Халықаралық Аралды құтқару қорының» Қазақстан Республикасындағы атқару дирекциясымен бірлесіп АРАЛ ауданына қарасты Қосаман ауылдық округі, «Ақеспе» елді-мекенінде орналасқан «Ыстық су» шипалы бұлағы, Қамыстыбас елді-мекеніне қарасты «Аспан асты мұражайы», «Қараусыз қалған кеме қалдықтары» («Возрождение» аралы) сынды бірқатар туристік нысандарды біріктіріп, бағдарлама әзірлеуде.
Тиісті туристік маршрут әзірленгеннен кейін, туристік фирма өкілдеріне ұсынылатын болады.
«Арал ауданы өзінің экологиялық жағдайына қарамастан, көз тартарлық табиғатқа ие болып табылатын өлке. Арал теңізінің тартылуы әлемдік деңгейдегі табиғи апатты алып келсе де, сол аймақта қалып қойған теңіздің табаны, таушықтар, қараусыз қалған кемелердің қалдықтары біршама туристерді қызықтырып, тартуда», – дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының мамандары.
Басқарма тарапымен әзірленген «Арал ауданының туристік әлеуеті» туралы қысқаша бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.



10 қараша 2020 ж. 916 0