Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаевқа шешім қабылдай алатын жаңа өкілеттік берілді

Тоқаевқа шешім қабылдай алатын жаңа өкілеттік берілді

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында  Қазақстан Президентіне жаңа өкілеттік беретін «Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы» заңға түзетулерді қабылданды.

Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздейді және еліміздің әкімшілік-аумақтық бірліктерінің, оның ішінде аудандық маңызы бар қалалардың ағымдағы мәртебесін толық көлемде қамтуға бағытталған.
Заң жобасында ұсынылған түзетулер:
• қаладағы аудандарды елдімекендердің құрамдас бөліктеріне жатқызу;
• халық саны 400 мыңнан асатын тұрғыны бар облыстық, республикалық маңызы бар қалада, астанада аудан құру;
• аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемдерін нақтылау;
• Президентке Үкіметтің ұсынуы бойынша және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елдімекендерге қайта құру жөнінде шешім қабылдау жөнінде өкілеттік беру;
• Үкіметке республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елдімекендерге қайта құру туралы ұсыныс енгізу жөнінде жаңа құзырет беру;
• облыстық өкілді және атқарушы органдарға Үкіметке облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елдімекендерге қайта құру туралы ұсыныс енгізу жөнінде жаңа өкілеттік беру;
• аудандық маңызы бар қала әкіміне аудандық маңызы бар қаланы кент, ауыл санатына жатқызу туралы ұсынысты аудандық өкілді және атқарушы органдарға енгізу бойынша өкілеттік беру.
Енгізілген түзетудің ұтымды тұстарының бірі – қала мәртебесінен ауылдық елді мекенге өзгерген жағдайда сонда тұратын азаматтар ауыл тұрғындары үшін заңдармен қарастырылған мемлекеттік әлеуметтік қолдауларға қол жеткізеді. Мысалы, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру салаларының қызметкерлерінің жалақысына жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша 25%-дан кем емес үстемақы қосылады, - деді сенатор Нұрлан Бекназаров.
baq.kz​​​
03 желтоқсан 2020 ж. 472 0