Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жақсықылыштықтар балаларға шаттық сыйлады

Жақсықылыштықтар балаларға шаттық сыйлады

tolqyn.kz Жаңа Жыл мерекесі барша адамзат баласының асыға күтетін қуанышты мейрамы. Жаңа Жылда өмірлері жақсылықпен өзгеріп, қуанышпен көркемделіп, адамдар жақсылықтан үміт күтетін кезең. Әсіресе балалар бұл мерекені асыға күтеді. Себебі олар Аяз-Атадан сыйлық алатын ерекше сәтті ұмытпайды. 
Осыған орай Жақсықылыш кентіндегі үйден әлеуметтік қызмет алушы ерекше балалардың үмітке толы тілектерін орындап, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында мерекеге орай кент әкімі аппараты қайырымдылық керуенін ұйымдастырды. Қайырымдылық шарасына  Арғынбай Жолмаханов, Лиза Базарбаева  және «Аралтұз» АҚ демеушілік жасап, өз тәттілері мен сыйлықтарын тарту етті. Ал  жеке кәсіпкер Күләнда Алданиязова  мерекелік көңіл-күй сыйлайтын костюмдер әзірлеп  балаларға ерекше шаттық сыйлады.

Өздеріне жасалған осынау ықыласқа балалардың ата-аналары алғыстарын айтып, мерекелік тілегін білдірді. 
30 желтоқсан 2020 ж. 357 0