Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шалғай ауылда газ құю бекеті ашылды

Шалғай ауылда газ құю бекеті ашылды

tolqyn.kz Жаңа жыл Қаратерең ауылдық округі үшін жағымды жаңалығымен басталды.Көптен бері халықтың сұранысына айналған газ құю бекеті ашылды, - деп жазды  Қаратерең Ауылдық Округі әлеуметтік желідегі парақшасында. 
Қаратерең ауылындағы бұл бекет "Байқоңыр газ " ТОО нің демеушілігімен ашылып отыр. Алдағы уақытта осы газ құю қызметін ауыл тұрғыны Биманов Ғазиз көрсетеді. Енді ауыл тұрғындары мен жергілікті автокөлік жүргізушілері көгілдір отынды қажеттіліктеріне сай қалаған уақытында пайдалана алады. Бұл тұтынушы мен газ құю бекеті үшін де қолайлы,әрі тиімді болып отыр.
Газ ауыл тұрғындарына қолжетімді бағада ұсынылуда. Аталған бекет стандартқа сай жан-жақты жабдықталған.
Қаратерең ауылдық округі әкімі Жұбаниязов Серікбай Жұбайұлы газ құю бекетіне барып, ашылуына орай толыққанды танысып, ел игілігі үшін жасалатын жұмыстарына сәттілік тіледі.
18 қаңтар 2021 ж. 712 0