Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медицина қызметкерлері марапатталды

Медицина қызметкерлері марапатталды

Денсаулық – баға жетпес байлық десек, адам жанының арашасы болып табылатын дәрігерлердің қоғамдағы орны ерекше.
Кеше Арал ауданаралық ауруханасында бірнеше жыл бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Ақ халатты жандарды марапаттауға арналған жиынға аудан әкімнің орынбасары Жәнібек Жұбанов қатысып:
– «Сіздер аудан тұрғындарының денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда адал қызмет етіп келесіздер. Пандемия кезеңінде де халықтың саулығы үшін дертпен күресте алдыңғы шепте болдыңыздар. Әлі де бұл індеттің қаупі сейіле қойған жоқ. Сондықтан да кәсіби маман ретіндегі Сіздердің ақыл-кеңестеріңіздің әрбірі халық үшін маңызды. Ұлт саулығы жолындағы жауапты қызметтеріңізге тек сәттілік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!» – деп лебізін білдірді.
Одан соң денсаулық сақшылары саналатын медицина қызметкерлеріне аудан әкімінің Алғыс хаты мен сый-сияпаттар табысталды.





Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
06 ақпан 2021 ж. 811 0