Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау түсіндірілді

Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау түсіндірілді

Кеше аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Н. Бохаевтың төрағалығымен жалпыға бірдей декларациялау және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидалары туралы құқықтық оқыту өтті.
Семинарға аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметшілер және қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Алдымен жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістер жөнінде Арал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы А.Бағымбаева толыққанды түсіндіріп, бір мемлекеттік қызметшінің декларациясын 250.00 нысаны бойынша практика жүзінде тапсырып көрсетті.
Одан соң аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Н. Бохаев сөз алып ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Р. Бисеновтің ағымдағы жылдың 12 ақпанындағы хатына сәйкес, Арал ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берген іс-әрекеттеріне тоқталып өтті. Әкімшілік құқық бұзушылықтар аудан бойынша 188 мемлекеттік қызметшілерден 63 құқық бұзушылық жасалғандығы анықталдығына қысқаша тоқталды.
Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын қатаң сақталуы қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар ішінде өрескел теріс қылықтарға жол берген бірқатар мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік мәселесі аудандық тәртіптік комиссиясында қаралатындығын айтты.
Еркін форматта өткізілген семинарда қатысушылар талқыланған мәселелерге байланысты сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
Сондай-ақ, келесі лекте дәл осындай құқықтық оқыту аудан әкімдігіне қарасты кент, ауылдық округ әкімдері және ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне онлайн форматта өткізілетіндігін атап өтті.





Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
25 ақпан 2021 ж. 648 0