Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Қауіп-қатер әлі де сейілген жоқ

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қауіп-қатер әлі де сейілген жоқ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия жарияланғанына бір жыл болғанын айтып, қауіптің әлі де сейілмей отырғанын жеткізді.
«Бір жыл бұрын ДДСҰ пандемияның басталғанын жариялады. Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады», – деп жазды Тоқаев twitter-дегі парақшасында.

Президент төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға мемлекет тарапынан қаржылай және басқа да көмек берілгенін атап өтті.

«Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік. Бірақ дерттің қатері әлі де сейілген жоқ. Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын», – деді ол.

kyzylorda-news.kz
11 наурыз 2021 ж. 627 0