"Қазидың қайсар қаламы" атты фотокөрме ұйымдастырылды

Бұл мазмұнды шараға марқұм Қази ағаның бауырлары мен балалары, үзеңгілес болған жолдастары қатысты. Алдымен Қази өмірдеректеріне тоқталып, қызметі мен халық игілігіне жасаған істері жайында кең көлемде мағлұмат берді.
Сонымен бірге жазушының ұрпаққа өнеге болар өлеңдерін қаланың мектеп оқушылары нақыныша келтіре орындап, күміс көмей күйші қызымыз Ақмарал шығармашылығынан бірнеше әндерін көпшілікке тарту етті. 




"Толқын" ақпарат