Жаңа қаулыға сай шектеулер енгізілді

Сондай-ақ, боулинг, компьютерлік клубтардың, түнгі және ойын клубтарының, караокенің қызметіне, қоғамдық орындарда кальянды пайдалануға рұқсат етілмейді.
-Өздеріңізге белгілі, үстіміздегі жылдың 8-сәуірінен бастап Қызылорда облысы «сары» аймаққа енген болатын. Осыған байланысты шектеу шараларын енгізу мақсатында №8 Қаулы қабылданды. Яғни шектеулермен және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен:
-балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының жұмысы топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын алу жазылу бойынша;
-қоғамдық көлік жұмысына;
-банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері жұмысына 9.00-ден 18.00-ге дейінгі уақыт шектеуімен;
-ұйымдар, офистердің жұмыстарына 50%- күндізгі режиммен;
-қоғамдық тамақтану объектілеріне толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істеуге;
-сауналар жұмысына (жексенбіден басқа);
-30 адамға дейін мәдениет объектілерінің жұмысына (дайындық);
-толтырылуын 20%-дан артық емес етіп театрлар, кинотеатрлар, концерт залдарының жұмысына рұқсат беріледі.
Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.
- Құрметті облыс тұрғындары, эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша бетперде киюді сұраймыз, - деді облыстың Бас санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.
kyzylorda-news.kz