Аралда рейд жұмысы күнделікті жүргізілуде
Кеше аудан əкімінің орынбасары Е.Талекенов бастаған мобильді топ мүшелері кезекті рейд шараларын жүргізді. Арнайы топ азық-түлік дүкендерін, кәсіпкерлік нысандар мен сауда орталықтарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.Кәсіпкерлік нысан иелеріне карантиндік талаптардың сақталуы мен қызметкерлердің қорғаныш құралдарын пайдаланып, бетперде тағып жұмыс жасауы қажеттігі ескертілді. 
Сондай-ақ, ғимарат ішінде жиі дезинфекция жасалып, антисептикалық құрылғылармен қамтамасыз етілуі мен арақашықтықтың сақталуын қадағалауды тапсырды.






Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі






		
		



