Қызылордадан Ұлы Отан соғысына 150 мың жауынгер аттанды

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап Қазақстан аумағында әскери бөлімдер мен бөлімшелерді қалыптастыру басталды. 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, түрлі әскери құрылымдардың 50-ге жуық жеке полкі мен батальоны құрылды. Олардың қатарында Мәскеу мен Сталинград түбінде ерлікпен шайқасқан Қазалы 35-ші атқыштар теңіз бригадасы бар.
Қызылорда облысында әскерге шақырылушылардан ақтөбелік 101-ші атқыштар бригадасы құрылды. Олар Ржев, Великие Лукиде шайқасты.
Алматыдағы жаяу әскер әскери училищесінде оқыған 250 қызылордалық Ленинград блокадасының жарылуына қатысты.
Қызылорда жері 22 Кеңес Одағының Батырын, 1 Даңқ орденінің толық кавалерін шығарды, 20 мыңнан астам қызылордалық орден және медальдармен марапатталды.
kyzylorda-news.kz