Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалқабай Әбенов атындағы жас журналистер байқауы өтеді

Қалқабай Әбенов атындағы жас журналистер байқауы өтеді

Облыстық «Сыр бойы» газеті ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жас журналистер арасында Қалқабай Әбенов атын­дағы «Тәуелсіздік толғауы» атты байқау жарияланады.

Жалпы ереже

Байқау облыстық дең­гейде ұйым­дас­тырылады.

Байқаудың үйлестірушісі және ұйымдастырушысы «Сыр медиа» ЖШС.

Байқаудың мақсаты:

Жас журналистер шығар­ма­шы­лы­ғының дамуына қолдау көрсету.

Мемлекеттік тілдің қол­данылу аясын кеңейту.

Байқауды ұйымдастыру және оған қатысушыларға қо­йы­­­латын талаптар:

Байқауды ұйымдастырып, өткізу мақсатында Ұйым­дас­тыру комиссиясы құрылады.

Байқауға Тәуелсіздік жыл­­дарын­дағы елдің әлеу­мет­тік-экономикалық, рухани-мә­де­ни дамуы, жастар сая­саты, ұлт­аралық татулық, жалпы, қоғам­ның бет-бейнесі туралы талдау, зерттеу тұрғысындағы еңбектер, тың тақырыптар (қа­зақ және орыс тілдерінде) жі­беріледі.

Байқауға бұрын-соңды бас­­па бетінде жарияланбаған, ал, телеарнада тек байқау ке­зеңінде эфирден өткен материалдар жіберіледі.

Байқауға жасы 35-ке дейінгі бұқа­ра­лық ақпарат құ­рал­дарында жұмыс істей­тін тілшілер мен тәуелсіз қалам­герлер қатыса алады.

Байқау материалдары тиісті баспа және телеарна же­тек­шілерінің ұсынысы бойынша қабылданады.Байқауға әрбір қа­ты­су­шы баспа бойынша 2 не 3 материалын әрқайсысы 3 парақтан аспайтын көлемде ұсына алады. А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек. Сондай-ақ, телеарна тілшілері еңбектерін бейнетаспа түрінде ұсына алады. Байқау материалдарын сараптау барысында та­қы­­рыптың өзектілігі және маңызы, мазмұнның ашылуы, шынайылығы, жанр­лық шарт­тарға сәйкестігі, жаңа әдістерді қолданысқа енгізе білуі, тілі және стилінің ұғынық­ты­лығы, зерттеу әдістерін ен­гізе білу ерекшелігі есепке алынады.

Байқауға қатысушылар Ұйым­дас­тыру комиссиясына (Қы­­зыл­орда қаласы, ­Бейбарыс Сұл­­тан көшесі, 4 А, байланыс теле­­фоны: 8 (7242) 40-02-17, ­мы­надай құжаттарды қоса жібереді.

– Төмендегі деректер көр­сетілген өтініш: автор туралы мағлұматтар/туған жері, күні, айы, жылы;

– жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құрал­дары және 3х4 суреті.

– байқау материалының қағаз нұсқасы және бейнетас­па.

Байқауға жіберілген ма­териалдар авторларға қай­та­рылмайды.Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы бағалайды.

Байқауды өткізу және қоры­тындысын шығару тәртібі:

Байқау үш кезеңнен тұ­рады.

– 2021 жылғы 5 сәуір мен 14 маусым аралығында бай­қауға қатысушылардан материалдарды қабылдау;

– 2021 жылғы 15-23 маусым ара­лы­ғында материал­дарды са­раптау және жеңім­паздарды анықтау;

– 2021 жылғы 24 маусымда байқау жеңім­паздарын салтанатты марапаттау рәсімі.

Байқау жеңімпаздары Қал­қабай Әбеновтің ұрпақтары атынан арнайы сый­лық­тармен марапатталады.

Ұйымдастыру комиссиясы

24 мамыр 2021 ж. 391 0