Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі қаладағы құрылыс жұмыстарымен танысты

Аудан әкімі қаладағы құрылыс жұмыстарымен танысты

Бүгін аудан әкімі Серік Сермағамбетов бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Алдымен Арал қаласына кіреберіс маңнан салынып жатқан №71 мектеп-интернаты құрылысының басына барды. Бас мердігер «SCS Инжиниринг» ЖШС 100 орынға арналған интернаты бар 200 орынды №71 мектептің құрылыс жұмыстарын сәуір айында бастаған болатын.
Қазіргі таңда нысанның «А» және «В» блоктарының және спорт залының іргетасы толықтай құйылған. Мердігер мекеме өкілі қажетті құрылыс заттары толықтай жеткізілгенін айтып, жасалып жатқан жұмыстың жай-күйін баяндады.
Құрылыс қарқынына куә болған аудан басшысы мердігер мекемеге мектеп-интернет құрылысын уақытында әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Одан әрі аудан әкімі Арал қаласында өткен жылы салынған 1 қабатты 4 пәтерлі 10 жаңа тұрғын үй және көпбалалы отбасыларға арнап салынып жатқан екі пәтерлі 18 тұрғын үйдің құрылысын аралап көрді. Құрылысы аяқталған жаңа баспаналарды аудан азаматтарына беру бағытында мәселелерді қарастырып, жауапты сала басшыларына тұрғындарға тиісті түсіндірме жұмыстарын үйлестіруді жүктеді. Атап өту қажет, мердігер мекемелер «Арал-су-құрлысы» ЖШС мен «Наурыз құрылыс» ЖШС үйлердің құрылысын өткен жылдың мамыр айында бастап, сол жылдың қыркүйек айында толық аяқтаған. Ал екі пәтерлі 18 тұрғын үйдің қабырғалары қалануда.
Мұнан соң аудан орталығындағы қайта жаңғыртудан өткізіліп жатқан Тәжі Палуан көшесіндегі жұмыстарға куә болды. Жақында бастау алған бұл жұмыстар жергілікті «Арал жолдары» ЖШС арқылы жүзеге асырылуда. Қайт жаңғырту жұмыстары аясында көшенің автожолы асфальтталып, жаяу жүргіншілер жолы мен түнгі жарық шамдары орнатылатын болады. Қазір таңда белгіленген аймақ асфальт жабындысын төсеуге дайындалуда. Жол салу жұмыстарының басында болған аудан басшысы жауапты мердігер мекемеге жолдың сапасына мұқият болуды тапсырды.
Құрылыс жұмыстарымен танысып шыққан соң көркейту-көгалдандыру бағытындағы жұмыстарды көріп, Арал қаласы әкіміне алдағы уақытта жергілікті климатқа төзімді басқа да ағаш көшеттерін әкеліп, гүлзарларды заманауи әдістермен суару технологиясын қолдану қажеттігін жеткізді.






"Толқын" ақпарат
30 мамыр 2021 ж. 671 0