Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызылады
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халыққа есеп беру кездесуінде 2030 жылға дейін Арал теңізінің құрғаған түбіндегі 1,1 млн гектар жерге сексеуіл отырғызылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз сексеуіл отырғызудың кешенді бағдарламасын әзірлеудеміз. 2021-2030 жылдары осы аймақтың экологиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін 1,1 млн гектар алқапқа сексеуіл отырғызу міндетін қойдық», деді министр.
Сонымен қатар экология министрі 1990 жылдан 2021 жылға дейін 195 мың гектар алқапқа, яғни Арал теңізінің қазақстандық секторының құрғатылған ауданының 9 пайызына сексеуіл отырғызылғанын жеткізді.
Жыл сайын теңіз түбінен 100 миллион тоннаға дейін тұз бен шаң тазартылып, мыңдаған шақырымға тасымалданады.