Бірлігі бар елде береке болады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Жаман ойдан арылып, ортақ мүдде үшін еңбек етуде Осы бағытқа жол салатын әкімдерді тікелей таңдау - халық үшін жасалған мол мүмкіндік, елдік бастама. Осы сайлауда үлкен-кіші де бірауыздан сайлауға қатысып атсалысуда. Соның арасында ауыл қариясы да бар.
– Жұртымызда: "Ырыс, қайда басарсың?" - дегенде: "Ынтымағы артқан елге барамын", - деген тәмсіл бар. Ендеше "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деп ел абыройын асқақтатар айтулы істе озық ойлылық, жауапкершілігіміздің жарқын үлгісін көрсетейік, ауызбірлігіміз мол болсын, – деп батасын берді ауыл қарты Кеңес Нұрбаев.