Қызылордада биыл 2401 конкурс жарияланды

«Үнемделген соманың 92 пайызы бірыңғай ұйымдастырушылардың үлесінде. Биыл өткізілген барлық конкурстың 95% бірыңғай ұйымдастырушылармен жүргізілді, қалғаны тапсырыс берушілермен жарияланды. Яғни 2026 конкурстың 854-і бірыңғай ұйымдастырушылармен, 172-і тапсырыс берушілермен. Өткен жылы заң бұзушылықтар саны – 1569 болса, биыл 1060 бұзушылық анықталып, біршама азайды. Оның ішінде, жарияланған сатып алулардың уәкілетті органмен күші жойылуы көрсеткіші 8% -ға кеміген», – деді Алтынай Қуандық.
Сондай-ақ, өткен жылы Қызылорда облысы Қаржы министрлігімен жүргізілген «Мемлекеттік сатып алуларды орталықтандыру» пилоттық жобасына қатысып, 124 млрд. теңгені құрайтын 2900 конкурс ұйымдастырды. Осы модель негізге алынып, биыл барлық конкурстың 95% бірыңғай ұйымдастырушылармен жүргізілді, қалғаны тапсырыс берушілермен жарияланды. Бұл уәкілетті орган тарапынан анықталған бұзушылықтардың азаюына ықпал етіп, өткен жылмен салыстырғанда кемшіліктер 34%төмендеді.
inform.kz