Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Санитарлық штаб отырысы өтті

Санитарлық штаб отырысы өтті

Аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жөнінде штаб отырысы өтті.
Күн тәртібінде Арал қаласындағы санитарлық тазалық жұмыстарының барысы қаралды.

Қала тазалығын сақтау мен тұрғындардың рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс қалдықтарын тастау жағдайларына тосқауыл қою мақсатында Арал қаласы 7 секторлық аймаққа бөлініп, жауапты топ басшылары бекітілген болатын.

Алдымен аталған секторлардың топ басшылары өз аумақтарындағы тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қала келбетіне нұқсан келтірген тұрғындарға заң шеңберінде шара көру бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Одан соң сөз алған аудан әкімі қоршаған ортаны таза ұстау ортақ міндет екендігін айтып,қаладағы бөлінген секторлар бойынша тұрғындар мен мекемелерге қала тазалығына жауапты «Қуанышбек» ЖШС-мен келісім-шартқа отыру жөнінде түсіндірме жұмыстарын және құқық қорғау қызметкерлерімен тексеру шараларын үздіксіз жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту үшін бейнекамераларды орнатудың тиімділігіне тоқталып, Арал қаласы әкіміне жұмыс жасамай тұрған бейнекамераларды шұғыл түрде іске қосу қажеттігін айтты.

Штаб отырысында жауаптыларға халықты тазалық мәселесіне бір кісідей атсалысып, жанашырлықпен қарауға шақыру шараларын үйлестіру жөнінде тапсырмалар жүктелді.



Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
27 тамыз 2021 ж. 385 0