Қызылорда: Ядролық сынақтан зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Биылғы жылдың тамыз айында Қызылорда облысы бойынша жергілікті бюджеттен 30 АЕК мөлшерінде (1 адамға – 87 510 теңге) барлығы 464 адамға 40 604,6 мың. теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Сонымен қатар, осы жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай, аталған санаттағы азаматтарға облыстық бюджет есебінен қосымша 40 АЕК (116680 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жоспарланған.
Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы ұсынған тізімге сәйкес көмек алушылар саны 479 адамды, тиісінше қажетті қаржы көлемі 55890,0 мың теңгені құрады.
kyzylorda-news.kz