Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мектепке жол»: Қызылордада 8605 балаға көмек көрсетілді

«Мектепке жол»: Қызылордада 8605 балаға көмек көрсетілді

Тамыз айында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында қала мен аудандар бойынша бюджет және бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен 8605 балаға көмек көрсетілді. Бұл туралы Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова хабарлады.
Оның ішінде бюджет есебінен 5283 балаға, демеушілік есебінен 3322 балаға көмек көрсетілген. Сонымен қатар, «ҚазГерМұнай» компаниясы 320 балаға, «Сыр мейрімі» -100 балаға, «Ел Арай» қоры 137 балаға, Қызылорда қалалық әкімдігі 145 балаға, облыстық басқармалар 23 отбасыға көмек көрсеткен.
«Айта кетейік, қазіргі таңда осы «мектепке жол» акциясы мен көрсетілетін көмекке қатысты көптеген сұрақтар келіп түсуде. Ата-аналардың басым көпшілігі көрсетілетін көмектің қаражатын өздеріне беруді сұрап жатқан жағдайлар кездесуде. Айта кетейін, «Ата мекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылып, жұмыс жасауда. Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа тұрақты түрде жұмыс жасай отырып, жаңа тәсілдер арқылы көмек көрсетудің мәдениетін қалыптастыруға, оның атаулық пен ашықтықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Түскен қаражатты ақшалай алу мүмкін еместігін назарларыңызға саламын», – деді басқарма басшысы.

kyzylorda-news.kz​​​
29 тамыз 2021 ж. 345 0