Тағайындау

Бекжанов Нұржан Жеңісұлы - 1992 жылы 19 тамызда Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
2014 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Физика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы, 2014-2017 жылдары «Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бөлімінің жетекші эксперті, менеджері;
2017-2018 жылдары «Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» мемлекеттік мекемесінің жобалық менеджментті дамыту бөлімінің басшысы;
2018-2020 жылдары «Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқармасының «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу» бөлімінің басшысы;
2020-2021 жылдары «Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқармасының «Ахуалдық орталық қызметін қамтамасыз ету» бөлімінің басшысықызметін атқарған.
Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп өсіруде.
Жалпы еңбек өтілі - 7 жыл.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі