Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Онлайн санаққа қатысу жұмыстары түсіндірілді

Онлайн санаққа қатысу жұмыстары түсіндірілді

Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы әр 10 жыл сайын өткізіледі. Жоспарлы түрде 2019 жылы өтуі көзделген санақ ағымдағы 2021 жылға шегерілгені белгілі. Қазіргі уақытта елдегі короновирустық инфекцияның таралуы салдарынан санақ онлайн нұсқада өз қызметін бастады.

Осы орайда бүгін аудан әкімінің орынбасары Ербол Талекеновтың төрағалығымен елімізде жүргізіліп жатқан онлайн санақ жұмыстарын жүйелі үйлестіру бағытында жиын өткізілді. Басқосуға аудандағы дербес бөлім, мемлекеттік мекеме, кәсіпорын басшылары және zoom платформасы арқылы ауданға қарасты кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастау алған онлайн санақ жұмыстары ауданымызда баяу жүргізіліп жатқандығын тілге тиек еткен аудан әкімінің орынбасары бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру бағытында барлық қызметкерлер біркісідей атсалысуы маңызды екендігін атап өтті.

Осы ретте аудандық статистика басқармасының басшысы Еламан Қапанов сөз алып, жалпы ұлттық санақ жұмыстарының барысына тоқталып, қатысушыларға онлайн санаққа өз бетінше қатысу жолдарын талдап, арнайы слайд арқылы жүзеге асыру жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар алдағы уақытта онлайн санақ бұрыштарын жасақтап, барлық ұжымдарды белсенділік танытуға шақырды.

Айта кетейік, елімізде халық санағы Sanaq.gov.kz, egov.kz сайттары және aitu мобильді қосымшасы арқылы 15 қазанға дейін онлайн түрде жүргізіледі. Сайт пен мобильді қосымша арқылы санаққа қатысу мүмкіндігі тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Әр азамат тұрғылықты жеріне қарамастан, виртуалды көмекшінің көмегі мен санақтан өздері және де отбасы мүшелері үшін сауалнамалар толтыра алады.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

08 қыркүйек 2021 ж. 508 0