Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Серік Сермағамбетов: Берілген тапсырма сұраусыз қалмайды

Серік Сермағамбетов: Берілген тапсырма сұраусыз қалмайды

Күні кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өткізілді. Мәжілістің күн тәртібінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жай-күйі, әкімдік және аппарат мәжілісінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы және бюджет қаржысының игерілу барысы кеңінен талқыланды.

Алғашқы мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрмұхамед Бохаев баяндама жасап, ағымдағы жылдың 8 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жайын талдап өтті. Жалпы қазіргі таңда аудан бойынша көрсетіліп келе жатқан 59 қызмет бойынша 8 ай ішінде барлығы 10530 қызмет көрсетілген. Барлық көрсетілетін 59 қызметтің 22-сі электрондық форматқа толық автоматтандырылған болса, 3 қызмет қағаз түрінде, қалған 34 қызмет баламалы негізде жүргізіледі. Атап өткен жөн, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл соңына дейін электронды веб-портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін 90 пайызға жеткізу көзделген. Соған сәйкес бүгінде ауданда мемлекеттік корпорация және аудандық ТҮКШ және автомобиль жолдары, құрлыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінде электронды қызмет көрсету жолға қойылған. Алайда, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы және аудандық жер қатынастары бөлімі арқылы қағаз жүзінде көрсетілетін қызметтердің саны азаймай тұр. Бұл өз кезегінде аудан бойынша электронды қызмет көрсету үлесінің көрсеткішін төмендетуге әсер ететіндігін атап өткен аппарат басшысы, бұдан бөлек «Е-лицензиялау» ақапараттық жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды саралап өтті. Осы ретте аудан әкімі мемлекеттік қызмет көрсету саласында жіберілген кемшіліктерді жекелей талдай келе, мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіру бағытында кент және бірқатар ауылдық округ әкімдіктерінің жұмыстарын сынға алып, қағаз түрінде көрсетілетін қызмет санын азайту, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысын жандандыру бағытында нақты тапсырмалар берді.

Жиын барысы одан әрі әкімдік және аппарат мәжілістерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысына ойысты. Атап өткен жөн, аудан әкімінің төрағалығымен маусым-тамыз аралығында өткізілген әкімдік мәжілісінде өзекті деген 3 мәселе,аппарат мәжілісінде 6 мәселе күн тәртібіне шығарылып, 88 хаттамалық тапсырма қалыптасқан. Бұл жөнінде аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Бохаев сөз алып, берілген тапсырмалардың орындалу жайын жекелей баяндап шықты. Соған сәйкес аудан басшысы орындалмау қаупі бар және орындалмаған тапсырмаларға жеке жеке тоқталып, жауапты сала басшыларына әр тапсырманың сұрауы бар екендігін қатаң ескерте келе, тапсырмаға салғарт қараған мемлекеттік қызметшілірдің тәртіптік мәселесін қарауды тапсырды.

Одан әрі мәжілісте сөз тізгінін алған аудандық қаржы бөлімінің басшысы Мақпалбай Көлдеев аудан бюджетінің 8 айда игерілу көрсеткіші туралы хабарлама жасады. Атап өтейік, аудан бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарлама әкімшілері 2021 жылдың 1 қыркүйегіне белгіленген шығындар бойынша жоспардың 93,3% орындап, белгіленген жоспарға сәйкес бюджет қаржысының толық иегрілмеуі орын алып отыр.
Аудандық қаржы бөлімінің басшысының айтуынша тиісті жұмыстарға қаралған қаржы мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындысының шықпай, конкурстардың қайта өткізілуінен,мердігерлер тарапынан жұмыстардың орындалмауынан және қаржылық үнемдеулер негізінде игерілмеген.

Игерілмеген қаржының негізгі бөлігі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне және жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті деңгейіндегі қала, кент, ауылдық округ әкім аппараттарында қалыптасқан. Бұл көрсеткіштер бойынша да жекелей талдау жасап өткен аудан әкімі бюджет қаржысын мерзімінде игермеу фактілері қайталанып отырған салалар бойынша қаржыға қатысты түрлі сылтаулар мен түсініктемелердің қабылданбайтынын, мұның жұмысты дұрыстап үйлестірмеуден туындайтын нықтап айтты. Осы ретте, аппарат басшысына тиісінше қаржыны игеру жұмыстарын дұрыс үйлестірмеген бөлім басшыларына қатаң сөгіс беру жөнінде тапсырма жүктеді.

Мәжіліс қорытындысымен аудан басшысы алдағы кезеңдерде бюджетті дұрыс жоспарлап, қаражатты орналастыру, ақшаны дер уақытында өз орнымен жұмсау мәселелеріне қатысты тиісті басшыларға тапсырмалар берді. Сонымен қатар берілген тапсырмалар мен міндеттемелерді орындауда ешқандай кемшілікке жол берілмеуін қатаң ескертті.


Аудан әкімінің баспасөз қызметі

14 қыркүйек 2021 ж. 452 0