Су ұңғымасының тиімділігі зор

Бірнеше жылдан бері мемлекеттің көрсеткен қолдауының нәтижесінде мал басы да өсім алуда.
Биыл табиғат тосын мінез көрсетті. Көктем шығысымен жердегі көк өз деңгейінде көтерілмеді. Мал жайылатын шөп шықпады. Аудан көлемінде малдың өлім-жітімі орын алып, шаруаларға шығын әкелді.
Қазір жағдай біршама тұрақталды. Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Қуаңшылық зардабын жою бағытындағы жұмыстар жүзеге асырылуда. Жер-жерден көмек ретінде жеткізілген жем-шөп тұрғындарға тегін үлестіріліп келеді. Бұл қысылтаяң шақта мал ұстаған тұрғындарға үлкен демеу болып отыр.
Соның ішінде Мергенсай ауылдық округіндегі Үшшоқы су ұңғымасының қазылуы қазылуы біз үшін қуанышты жағдай болды. Ауылдағы малдың жақын маңнан су ішуі қиын болатын. Қазір жақында қазылған ұңғыманың тқрғындар үшін тиімділігі зор болып отыр.
Бұның барлығы халыққа көрсетіліп жатқан қолдау. Елдің игілігі, малдың аман сақтап қалу үшін жасалатын жұмыстардың барлығы сәтімен болсын.
Жомарт ОЙНАРОВ,
Мергенсай ауылдық округінің тұрғыны