Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюро отырысында маңызды мәселелер қаралды

Бюро отырысында маңызды мәселелер қаралды

Бүгін аудан әкімдігінде «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросы мен депутаттық фракциясының бірлескен мәжілісі өткізілді.
Аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалық етуімен өткен отырыста «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында көрсетілген орындалмау қаупі бар іс-шараларды қаржыландыру мәселелері және оны шешу жолдары кеңінен талданды.

Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес ең алдымен аудан әкімінің орынбасары Ербол Талекенов хабарлама жасап, өзі жетекшілік ететін сала бойынша Жол картасында көрсетілген орындалмау қаупі бар іс-шараларды саралай келе, оны шешу жолдарын қарастыру бағытындағы ұсыныстарын баяндап өтті.

Одан әрі аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішев Жол картасында көрсетілген іс-шаралардың мерзімін нақтылау бағытында хабарлама жасап, аудан көлемінде атқарылатын жұмыстар бойынша ұсынысын ортаға салды.

Мәжіліс қорытындысымен аудан басшысы сайлауалды бағдарламада көзделген жұмыстарды ауқымына қарай саралап, маңыздылығына мән бере отырып мерзімін белгілеуді әрі жүзеге асыру бағытында атқарылатын жұмыстарды жүйелеуді тапсырды.


Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

16 қыркүйек 2021 ж. 288 0