Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан басшысы әлеуметтік нысандарға жылу берілу барысын бақылады

Аудан басшысы әлеуметтік нысандарға жылу берілу барысын бақылады

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетов Арал қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, жылу маусымына дайындық барысын бақылап шықты. Алдымен №2 облыстық дарынды балалар интернатында болған аудан басшысы білім беру мекемесінің ішкі жағдайымен танысты.
Ғимараттағы өткен жылы жабдықталып, пайдалануға берілген 3 арнайы кабинеттің мүмкіндігін, білім беру процесіндегі тиімділігін көрді. Білім ошағында оқушыларға күндізгі сабақ уақытынан тыс кезде де оқушының білім алуына жағдай жасалған. Арнайы факультатив сабақтар, ҰБТ-ға дайындау кестелері бойынша дәріс алады. Сондай-ақ 5 мезгіл тамақтануға мүмкіндік бар. Кітапхана мен оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану залы, тренажер бөлмесі де балалардың игілігі үшін қызмет жасайды. Тек спортзалдың жоқтығы оқушыларға қиындық тудырып келеді. Осыған орай облыстық білім басқармасына мәселені шешудің тиімді жолын табуға ұсыныс жасалған. Қазір күннің суықтығына байланысты жылу жүйесі іске қосылған. Былтырдан бері көгілдір отын жүйесіне қосылған білім ошағын жылытуда кедергі жоқ.

Одан кейін аудан басшысы «Барсакелмес» мемлекетік табиғи қорығының ғимаратында болып, жұмыс барысымен танысты. Мекеме директоры Зәуреш Алимбетова қорықтың негізгі жұмысымен және жеткен жетістіктерімен қатар, стенд арқылы қорғалатын жануарлар мен өсімдіктер әлемімен таныстырып өтті. Сонымен қатар ғимарат ауласына отырғызылған ағаш көшеттерінің өсуіне аяқ су мәселесі қиындық тудыратындығын айтты.

Аудан басшысы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған білім беру мекемелері "Шағала" және «Жазира» балабақшаларына барып, қысқы маусымға дайындығын және жұмыс барысы бақылап, бу қазандықтарын көрді.
Әлеуметтік нысандарды аралау барысында ғимараты апатты деп танылғандықтан тұрғын үйлерге көшірілген «Жазира», «Балдырған» балабақшаларында арнайы барды. Аталған нысандарда да жылу жүйесі іске қосылып, балаларға қолайлы жағдай жасалған. Дегенмен тұрғын үйлерге көшірілген балабақшалардың ауласы тарлық ететіндігін айтты. Ал қалған балабақшалардағы ортақ мәселе бала санының аздығы болып отыр. Алдағы уақытта осы мәселені шешу жолында түрлі шаралар жасалуда.

Мұнан бөлек кешкі мектептің де жұмысымен, жылу маусымына дайынығымен жақын таныс болған аудан басшысы жұмыстардың жүйелі жасалып жатқанын айтты. Бүгінде бұл мекемеде 14 мұғалім және 10 қызметкер жұмыс жасайды.
Серік Сағитжанұлының келесі ат басын тіреген нысан көне кеме жөндеу зауыты болды. Атап өтейік, бұрынғы кеме жөндеу зауыты «КазАгрофинанс» банкі арқылы жеке кәсіпкер Ерғали Байболатовтың иелігіне берілген. Кәсіпкердің негізгі мақсаты құрылыс заттарын жасап шығару. Қазіргі таңда зауыт ауласындағы көне ғимараттарды қажеттілігіне қарай бейімдеп, жөндеу жұмыстарын жүргізуде . Құрылыс жұмыстарын аралап көрген соң жауапты мамандарға жеке кәсіпкердің жобаларына жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Одан кейін № 64 және №83 орта мектептерінде болып, білім ошақтарына жылу берілу жағдайы мен оқу процесінің өтуіне куә болды. Сондай-ақ, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын қатаң бақылауға алу қажеттігін айтты.
№83 орта мектебінде аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова оқушы санының көбеюіне орай алдағы уақытта салынуы жоспарланған 10 мектеп құрылысы туралы түсініктеме беріп өтті. Мәліметтерге қанық болған соң аудан басшысы мектеп директорына ғимарат ауласын әлде де көгалдандырып, жылыжай салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Мұнан кейін апатты жағдайдағы «Толқын» балабақшасының ғимаратын аралап көрді. Балабақша қазір уақытша тұрғын үйге көшіріліп, жұмысын жалғастыруда.








Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
09 қазан 2021 ж. 503 0