Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық комиссия отырысы өтті

Аудандық комиссия отырысы өтті

Кеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Комиссия отырысына аудан әкімі Серік Сермағамбетов төрағалық етті.

Жиынға комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері (онлайн негізде) БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелеріне қатысты ақпаратқа халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету шаралары туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Махмут хабарлама жасады.
Одан соң «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңестің қаулысына сәйкес анықталған кемшіліктер бойынша атқарылып жатқан шаралардың және алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстардың барысы туралы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатов Талғат баяндады.

Хабарламашылардан соң сөз алған аудан әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелеріне қатысты ақпараттардың тұрғындарға ашық түрде жеткізілуінің маңыздылығын айтып, жастар және үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру бойынша карантиндік шектеулерді сақтай отырып, түрлі семинарлар, дөңгелек үстелдер, акциялар, флеш моб және тағы да басқа шараларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік тапсырыстар аясында нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында азаматтардың санасына ой салуда, оның ішінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде мәдениет пен білім беру салаларының белсенді жұмыс жасауы қажеттігін атап өтіп, жаңа әдістермен шаралар ұйымдастыруды ұсынды. Мәселен, білім беру мекемелерінде бекітілген бағдарламаға сай балаларға арналған тәрбиелік іс-шараларды жүйелі жүргізуді, мәдениет мекемелеріне мен ауылдық округ әкімдеріне ауылдық клубтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды театрлық қойылымдар арқылы, Жастар ресурстық орталығына түрлі мәдени шаралар мен жайдарман ойындары арқылы мысал ретінде көрсету жөнінде тапсырма берді.

Сонымен қатар, мемлекетік мекемеде сыбайлас жемқорлық орын алған жағдайда келеңсіз әрекеттер мен құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бергені үшін тиісті мекеме басшысының мәселесі «Nur Otan» партиясының бюросында қарап, Жарғыға сай қатаң шаралар қолданылу қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының басшысына мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне қатысты түскен арыз-шағымдарды қосымша аудандық партия филиалына жолдауды, партия төрағасының бірінші орынбасарына арыз-шағымдарды зерделеп, нәтижесімен партия отырыстарының күн тәртібіне енгізіп, қарауды тәжірибеге енгізу жөнінде тапсырма жүктеді.

Комиссия отырысының қорытындысымен жауапты басшыларға тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, тұрғындарға қолайлы ортаны қалыптастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруда "Ақмешіт - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің аудандық жұмыс тобымен жұмыстарды күшейту, көшелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы көрнекі үгіт-насихат құралдарын уақытылы жаңарту, ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша атқарылған шаралардың қорытындысын БАҚ-на және әлеуметтік желілерде ақпараттандыру жүктелді.



Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

13 қазан 2021 ж. 168 0