Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Арал аудандық сайлау комиссияның 2021 жылғы 8 қазандағы № АСК-105 хаттамалық шешімімен Арал аудандық сайлау комиссиясының төрағасы болып Зағатов Нұрбек Нұртайұлы сайланды.

Нұрбек Нұртайұлы - 1974 жылы 2 мамырда Арал ауданы, Сексеуіл кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары.

1992 жылы Батыс Қазақстан Аграрлық-Техникалық университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын, 2001 - 2003 жылдары «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының Арал аудандық филиалында жұмыс жасаған (архивариус);

2003 - 2012 жылдары Арал аудандық қаржы бөлімінің маманы, бас маманы, сектор меңгерушісі;

2012 - 2016 жылдары Арал қаласы әкімінің орынбасары;

2018 жылдан бастап осы кезге дейін Арал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған. Жалпы еңбек өтілі - 18 жыл.

16 қазан 2021 ж. 313 0

Ұқсас жаңалықтар: