Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәрмеңке – молшылық мерекесі

Жәрмеңке – молшылық мерекесі

Облыс орталығында «Алтын дән-2021» іс–шарасы аясында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Молшылық мерекесіне Сырдария ауданынан жеңілдетілген бағамен 66 көлікке тиелген азық-түлік тауарлары апарылды. Барлығы 187,5 тонна 31,5 млн.теңгенің өнімдерін тұрғындарға ұсынылды.

Жәрмеңкеге ақ күріш 29 тонна, сиыр еті 2300 кг, балық 2,2 тонна, құс еті 300кг, қауын 22 тонна, қарбыз 24 тонна, картоп 21,5 тонна, сәбіз 9 тонна, асқабақ 14 тонна, қырыққабат 1 тонна өнімдері жеткізілді.

Облыс орталығында өткен жәрмеңкеде жалпақ жұрт қолжетімді бағадағы азық-түлікке молынан кенелді. Берекелі шара шеңберінде сырдариялықтар халыққа сапасы жоғары, табиғи таза өнімдерін ұсынды.Тұтынушылар ауылшаруашылық өнімдерін ептеп емес, көптеп алды.
tirshilik-tynysy.kz
24 қазан 2021 ж. 360 0