Тәуелсіздік күні қарсаңында қызылордалық ұстаздар марапатталды

Мерекелік жиынға қатысқан Ерлан Телманұлы аймақ ұстаздарын мерейлі мерекемен құттықтап, Сыр өңірінің жан-жақты дамуында Сыр ұстаздарының да үлесі мол екендігін тілге тиек етті.
Салтанатты шарада өз ісімен дараланған 40-тан астам білім саласының қызметкерлеріне ҚР Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасы мен мерекелік төсбелгі табыстап, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Ұстаздар құрметіне арналған салтанатты шарада құрметті қонақтар ұйымға жаңадан қабылданған “жасұландықтарға” галстук тағып, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.




kyzylorda-news.kz