Құрылыс заттары дүкені

–Бүгінгі күні отбасылық шағын кәсіп ашуға мүмкіндік мол. Мемлекеттің өзі қолдау көрсетіп, шағын бизнес ашамын дегендерге төменгі пайызбен несие береді. Шетелдерге қатынау, сауда-саттық жүйесі де тиімді жолға қойылған. Зат молайып, сату желісі де кеңейді. Бизнестің түрі көп, өзіңіз қалаған, жаныңызға жайлысын таңдап алып айналыса аласыз. Бизнесті сауатты жүргізген адам мол табысқа кенеледі. Сонымен қатар, өзінің ісі болғандықтан, жеке тұлға, кәсіпкер ретінде деңгейі өседі. Сананы тұрмыс билейтін мына заманда бақуатты тұрғаныңыз айып емес. Материалдық жетістікпен қатар, бизнесі бар отбасылардың балалары өмірге ерте бейімделеді деп ойлаймын. Тұлға ретінде уақытылы қалыптасады. Сонымен қатар, туған-туыс, доспен араласуға, оларға кез келген жағдайда қамқорлық танытуға мүмкіндігі болады. Және де табысымен қатар, әр істің өз қиыншылықтары да бар. Бизнестің идеясы дұрыс таңдалғанда ғана жетістікке қол жеткізе аласыз. Бизнесті идеяларға сүйеніп таңдаған дұрыс.
Света Артықбайқызы.