Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы тағайындалды

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен кадрлық өзгерістерге байланысты жиын өтті.
Жиында Сыр еліне келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы Қуаныш Жапақов Қызылорда облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы Рустам Ақмырзаевты таныстырды.
Басқосуға облыстық мәслихат хатшысы, облыс әкімдігінің басшылығы мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Облыс әкімі Рустам Ақмырзаевтың қызметіне сәттілік тілеп, сыбайлас жемқорлықты алдын алу шараларын қарқынды түрде бірлесіп атқаратынын сөз етті.
Рустам Сапарбекұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, Мемлекет басшысымен қойылған міндеттерді бірлескен түрде тиімді жүзеге асырамыз деп сенім артамыз. Алдағы атқарар жауапты қызметіңізге табыс, сәттілік тілейміз!, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Рустам Ақмырзаев 1978 жылы Қызылорда облысында туылған. Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғарғы мектебін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы салық полиция органында бастаған.
2001-2018 жылдар аралығында қаржы полиция және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында түрлі лауазымдарда еңбек еткен.
Оның ішінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бойынша департамент басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2018 жылдан бастап осы кезге дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарып келді.

kyzylorda-news.kz
05 ақпан 2022 ж. 291 0