Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Қадірлі жерлестер!
Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан шекарасынан шығарылғанына 33 жыл. ХХ ғасырдың ең ұзақ майданына баланған ауған соғысына Қазақстаннан 22 мыңға жуық адам қатысқан болса, олардың 60-тан астамы аралдық азамат еді. Аралдан аттанған майдангерлердің 58-і елге оралып, майдан даласында 2 жерлесіміз ерлікпен қаза тапты.
Ел үшін кеудесін оққа тосқан жауынгерлер қайтпас қайсарлық пен беріспес батылдықтың, айбынды ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Бүгінде жат жерде намысты ту етіп ұстап, ерліктің үлгісін көрсеткен 28 майдангер түрлі салада еңбек етуде.
Сұрапыл соғысқа қатысып, бүгінгі бейбіт күні қызмет жасап жүрген ардагерлеріміз қашан да құрметке лайық. Олардың ғибратты ғұмырын көпке үлгі, өскелең жас ұрпаққа өнеге ету - біздің басты мақсатымыз.
Құрметті Ауған соғысының ардагерлері!
Сіздер жырақта жүріп Отанымызды қорғау жолында ерліктің үлкен өнегесін көрсете білдіңіздер. Отан алдындағы  борышын адал атқарған абзал азамат ретінде жас ұрпақтың есінде мәңгі қалмақсыздар.
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!

Ізгі ниетпен,
аудан әкімі С. Сермағамбетов
15 ақпан 2022 ж. 526 0