АҒА ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ, КЕЛЕШЕККЕ АМАНАТ

Мазмұнды шараға облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов қатысып, ардагерлерге өзінің игі тілегін білдірді.
Сондай-ақ, аға буынның өнегелі өмір белестері жастарға мәңгі өнеге екендігін айтып, көпшілікке аралдық ақын Жарасқан Әбдірашұлының «Ұрпақтар сырласуы» атты өлеңін оқып берді.
«Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А. Божанова комсомолдың ғасырлық тарихын жинақтау барысында бірлестіктің бастама көтергендігін, соның нәтижесінде жастардың жұмыла қимылдап, өз ата-әжелерінен бастап, әрбір аудан, ауылдардағы комсомол ұйымының мүшесі болып, елеулі еңбек еткен жандар туралы деректер жиналғандығын айтты.
Жиын соңы аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.