Мәжіліс депутаттары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан, азық-түлік бағасының және құрылыс заттарының қымбатшылығы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ауыл шаруашылығы және оқушылардың мектепке қатынауы туралы мәселелер қозғалды.
Мәжіліс депутаттары әрбір тұрғынның сауалдарына жеке-жеке тоқталып, заң аясында шешілу жолдарын айтып, қойылған сұрақтарды назарға алғандарын жеткізді.

kyzylorda-news.kz