Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан орталығында «KMF» микроқаржы ұйымының бөлімшесі ашылды

Аудан орталығында «KMF» микроқаржы ұйымының бөлімшесі ашылды

Арал қаласында «KMF» микроқаржы ұйымының бөлімшесі ашылды.
Орталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары, қала әкімі, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы мен мамандары және ардагерлер қатысты. Аталған орталықтың ашылу салтанатында әкімінің орынбасары Қ. Әбсұлтанов сөз алып: -«Қазіргі таңда микроқаржы ұйымы секторы - еліміздің қаржы нарығындағы жылдам өсіп келе жатқан саланың бірі. Соның ішінде «KMF» микроқаржы ұйымы бірнеше жылдан бері еліміздің барлық аймағында дерлік жұмыс жасап келеді.Аталған ұйымның облыс орталығында және аймақтағы өзге де аудандарда бөлімшелері бар. Осы ұйымның ашылуы барысында жергілікті жерден 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Орталық аудан халқына, кәсіпкерлерге қолдау білдіріп, өз жұмысын қарқынды жүргізуіне тілектестік білдіремін.»- деп ізгі лебізін білдірді.

Олае соң микроқаржы ұйымының өкілдері тұрғындарға көрсетілетін қызмет түрлері мен негізгі жұмыс барысын түсіндіріп өтті. Атап өтейік, аймақтағы өзге аудандарда көптеген кәсіпкерлер «KMF» микроқаржы ұйымы арқылы бизнес бастап, кәсіптерін дөңгелетуде.

Бүгіннен бастап қаржы саласында тәжірибесі бар ірі орталықтың филиалы аудан тұрғындарына өз қызметтерін ұсынатын болады.



Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі



06 наурыз 2022 ж. 505 0