Қамшыбек Қоңқабаев: Бүгінгі күн тарихқа бергісіз, ерекше күн болды
Бүгінгі күн тарихқа бергісіз, ерекше күн болды. Мен де көпшілік сияқты Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауын бір демде тыңдап шықтым.
Тәуелсіздіктің төл құрдасы ретінде, осы жылдарда елімізде орын алған жағдайлардың барлығы әрине, маған да қатысты. Аллаға сансыз шүкір, бүгінгі күні тұлға болып қалыптасып, көптеген армандарым орындалды, әлі де мақсат көп. Сол мақсатымды мемлекет басшысы құрған – Жаңа Қазақстанмен байланыстырғым келеді.
Әлемнің қай жеріне барсам да жүрегім әрқашан туған жеріммен бірге. Байрақты бәсекелерде ел намысын қорғау – мен үшін үлкен бақыт. Туған еліміздің жарқын болашағы біздің қолымызда. Әрқайсымыз шын жанашырлықпен, ықыласпен, үлкен үмітпен еліміздің гүлденуіне атсалыссақ, Бұл тек президенттің ғана емес, баршамыздың ата-бабамыз аманат еткен, болашақ ұрпағымызға мұра етіп қалдыратын міндетіміз деп білемін.
Халқымыз өсіп-өркендеп, дамыған елдердің қатарына қосылса, қазағымның әр азаматы бейбіт аспан астында бақытты күн кешсе деймін. Ендеше, көк туымыздың астында үлкен ауызбіршілікпен жаңа Қазақстан неге құрмасқа?!
Қамшыбек Қоңқабаев,
боксшы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.
kyzylorda-news.kz