Құмбазар елді мекеніндегі алқаптарды суландыру мәселесі қарастырылды

Атап айтар болсақ, Сырдария өзенінің сағасындағы «Үлкен иірім» аталатын жер мен «Көктің көлі» аталып кеткен көлдің қазіргі жай-күйін білді.
Бұл екі аймақтың ауыл маңындағы алқаптарды суландыру үшін маңызы зор. Осыған сәйкес, ауылдық округ әкімімен және жергілікті тұрғындармен шабындық және жайылымдық жерлерді суландырудың тиімді тұстарын талқылады.
Аталған орында халықпен кездескен аудан әкімінің орынбасары олардың өтінішіне сәйкес су тоспасын салу үшін тиісті басқармаларға ұсыныс берілетіндігін айтты.

