Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Қосжар және Құланды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Қосжар және Құланды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Қосжар және Құланды ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Алдымен Қосжар елді мекеніндегі ауылдық клуб ғимаратында жергілікті халықпен жүздесті. Кездесу барысында аудан басшысы өңірдегі өткен жылғы қуаңшылықты еңсеруге бағытталған жем-шөппен қамтамасыз ету, су ұңғымалары мен каналдар қазу жұмыстары жүргізілгенін, бұл шаралардың биылғы жылы да жалғасатынын айтты. Сонымен қатар, тұрғындардың денсаулығын сақтау үшін негізгі жұмыстардың пандемиямен күреске бағытталғанын білдіріп, өңірдегі оң өзгерістерді де саралап өтті. Осы орайда, медицина саласының компьютерлік тамография, жылжымалы медициналық кешен сынды жаңа технологиялармен толыққандығын тілге тиек етті. Өткен жылы ауданда ауылдық округ әкімдерінің және қала әкімінің сайлауы мен халық санағы өз деңгейінде ұйымдастырылдығына тоқталып, тұрғындарға жаңаша әдістермен егін шаруашылығы мен тоғанды балық өсірудің тиімді тұстары мен мемлекет тарапынан берілетін қолдау жөнінде айтып өтті.

Өз кезегінде қосжарлықтар жаңа клуб, кітапхана мен ауылішілік көшеге асфальт төсеу қажеттігін айтты.
Ауылдық клуб мәселесіне қатысты аудан әкімі бұл жағдайдың назарда екендігін, бірнеше елді мекенде клуб ғимараттарының тозығы жеткенін айтып, алдымен апатты жағдайдағы ғимараттар жаңартылғаннан кейін кезектілігімен шешімін табытынын жеткізді. Ал клуб ғимараттарының жобасында кітапхана бірге қамтылған. Ауылішілік көшені асфальттау үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуді жауапты мамандарға жүктеді.

Ақбасты елді мекенінің тұрғындары жол мәселесінің қиындығын айтып, жедел жәрдем автокөлігін жаңалауды және ауыл көшелеріне түнгі жарықшамдар орнатуды сұрады.
Тұрғындар ұсынысын тыңдаған аудан әкімі автокөлік жолына қатысты жердің шалғайлығына орай республикалық бюджет есебінен қаржыландыру қиындық тудыратынын білдірді.
Ал көшелерді жарықтандыру үшін тиісті шаралар қабалданатынын, жедел жәрдем көлігін жаңалау мақсатында денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс жолданатынын айтты. Мұнымен бірге Ақбасты елді мекеніне таза ауыз су жеткізу жобасы өткен жылы бастау алғандығын, биыл сол жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
Кездесуден кейін елді мекеніндегі мал суарымы үшін жаңадан қазылған су ұңғымасының басына барып, жағдайын көрді. Жер астынан су бірқалыпты деңгейде шығуда.

Аудан әкімі елді мекендерге жасаған сапары барысында медициналық бекет ғимараттарын аралап, дәрігерлерден тұрғындардың денсаулық жағдайын білді. Ақбасты ауылындағы медициналық бекеттің қыс мезгілінде суық болатындығына сәйкес, ауданаралық аурухананың бас дәрігеріне толық зерделеп, жөндеу жұмыстарын жүргізу жүктелді.




Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

02 сәуір 2022 ж. 1 018 0