Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы қызылордалықтарды құттықтады

Аймақ басшысы қызылордалықтарды құттықтады

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сырбойылықтарды дүниежүзілік авиация және космонавтика мен отандық ғылым саласының қызметкерлері күнімен құттықтады.
«Қадірлі жерлестер! Бүгін – бірнеше атаулы мерекелер қатар тоғысқан күн. Дүниежүзілік авиация және космонавтика мен отандық ғылым саласының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Алғаш рет Сыр жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1961 жылдың 12 сәуірінде Кеңес ғарышкері Юрий Гагарин ғарышқа аттанып, адамзат баласының жұлдыздар әлеміне қадам бассам деген арманы орындалды.
Ұлт мақтаныштарына айналған Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов ғарыш жолын жалғастырып, қазақтың даңқын көкке көтерді. Әрі қарай да қазақ жастары ғылыми жаңалықтарға жол ашып, елдің дамуына серпін береді деп сенемін.
Ел ішінде ғылым саласында біртұтас мектептің негізін салып, ғылыми жетістіктерге қол жеткізген ғалымдарымыз көп. Оның ішінде, Сыр топырағынан шыққан мақтаныштарымыз да жетерлік.
Барша Сыр елінің ғылым саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, еңбектеріне зор табыс, шаңырақтарына шаттық, бақ-береке тілеймін», – деді аймақ басшысы.


kyzylorda-news.kz​​​
12 сәуір 2022 ж. 452 0