Белсенді жастар референдумды қолдайды

Кездесу аясында аудандық мәслихат депутаты Қанағат Махамбетова апай жастарға референдумның маңыздылығын түсіндіріді. Ол өз сөзінде:
– Жастар маңызды шараның жауапкершілігін сезіне отырып, әлеуметтік зерделілік танытуға тиіс. Себебі референдумның күллі ел үшін маңызы зор. Сондықтан жастар референдум кезінде белсенділік көрсетеді деген сенімдеміз. Алдыңғы буын мен өскелең ұрпақ бірге болуы керек. Қазақ елі жастарының бәрі жігерлі, елі мен жерін сүйетін патриот атанатынына үміт мол Референдумның маңыздылығын жақсы түсінуге тиіссіздер. Оның үстіне жаңа Қазақстанда осының бәрін іске асыратын жастар қажет, – деп саяси науқанның маңызды қадамдарына кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында белсенді жастар, тақырып аясында өз ойларын жеткізіп, референдумға қолдау білдіретіндерін жеткізді.

"Толқын" ақпарат