Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Индустриялық аймақ: Арал қаласының солтүстік-шығысынан жер телімі берілді

Индустриялық аймақ: Арал қаласының солтүстік-шығысынан жер телімі берілді

Өндірістік және өнеркәсіптік бизнес жобаларын дамытудың өңір экономикасының ілгерілеуіне қосар үлесі зор. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы мен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған түрлі жобалар кеңінен жүзеге асырылуда.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ауданда индустриялық аймақ құру үшін Арал қаласының солтүстік-шығыс беткейінен 6 га жер телімі берілді.
Аталған аймаққа инфрақұрылым жүйелерін жеткізу үшін республикалық және аудандық бюджеттен қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жасалды.

Қазіргі таңда Арал ауданының индустриялық аймағында 4 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда.
Атап айтар болсақ, «Берекет» шаруа қожалығының «Ет өнімдерін өндіру және тұшпара цехын ашу» және «Жаңа Арал» ЖШС-нің «Қаптама кірпіш өндіру» жобаларын іске қосу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Мұнымен бірге, «Жаңа Арал» ЖШС «Жүн және теріні алғашқы өңдеу» ісін қолға алуда. Бүгінде тері үлгілері Қытай және Өзбекстан мемлекеттеріне жіберіліп, тиісті зерттеуден өткізілуде.

Индустриалды аймақта «Qazaq Camel» ЖШС-нің іске «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау зауытының құрылысы» жобасы іске асырылады деп жоспарлануда. Жоба аясында сүт жинақтау ғимаратының құрылысы толық аяқталған. Алдағы уақытта нысанға тиісті құрылғылар жеткізіледі деп күтілуде.

Аталған жобалардан бөлек, индустриялық аймақтың жер телімін қосымша 11 гектарға кеңейтіп, жалпы құны - 3,4 млрд теңге болатын тағы да 3 жобаны енгізу жоспарда бар.
"Толқын" ақпарат 

27 мамыр 2022 ж. 444 0