Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түсіндірме жұмыстары кең көлемде жүргізілуде

Түсіндірме жұмыстары кең көлемде жүргізілуде

Биылғы Жолдауда жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолында істелетін жұмыстарды тізбектеп айтып, нақты тапсырма берген Мемлекет басшысының негізді тапсырмасы референдум өткізу болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 5 маусым күні жалпыхалықтық референдум өткізу жөніндегі Жарлығы жарияланды.
Міне, сол бағытта қазірде республика көлемінде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан көлемінде де түсіндірме жұмыстары үздіксіз ұйымдастырылып, аудан көлемінде түрлі сала қызметкерлерімен және тұрғындармен кездесулер болып жатыр.
Осындай кездесулердің бірі таяуда Қосаман ауылдық округіне қарасты Ақеспе ауылында өтті. Мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізген арнайы топ референдумның маңыздылығын айтып, негізгі бағыттары талқыланды.
Сондай-ақ топ мүшелері Ақеспе ауылы тұрғындарымен де кездесті. Жиынға ауылдық округ әкімі Ә.Ізбасаров, №237 негізгі мектебінің директоры Н.Демеуов қатысып, тұрғындардың көкейіндегі жүрген сауалдарға жауап берді. Тұрғындар мен мектеп ұжымына "Референдумда қандай мәселе қойылады?», «ҚР Конституциясына қандай өзгерістер енгізіледі?», «Референдумды өткізудің тәртібі қандай?», өзге де өзекті сұрақтарға жауап берді.
Осындай кездесулердің бірі қала тұрғындарымен де өтті. Бұл кездесуде де жиналған халық тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға нақты жауап берілді.
Айта кету қажет, бұл бағытта аудан жастарының да белсенділігі өте жоғары. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында тек қала тұрғындарымен кездесіп қана қоймай, аудандық ішкі саясат бөлімінің, "Жастар ресурстық орталығы" мекемесінің ұйымдастыруымен түсіндірме жұмыстарын кенттерде де өткізіп жатыр. Сексеуіл кенті тұрғындарына реформалар жобасы бойынша елде жалпыхалықтық референдум өткізу туралы үнпарақтар таратылып, Конституцияға өзгертулер енгізудің халыққа пайдасы мен маңыздылығы жөнінде толықтай хабарланды. Сонымен қатар 5 маусым күні өтетін референдумға жұдырықтай жұмылып, дұрыс шешім қабылдап, енгізілген өзгерістерді таңдауға шақырды.
"Толқын" ақпарат
31 мамыр 2022 ж. 550 0