Ауыл тұрғындары референдумды қолдайды

Кездесу еркін форматта тұрғындармен пікірлесуден басталды.
Ең алдымен, билік пен қоғамдағы өзгерістерге және орын алған саяси олқылықтарға тоқталды. Одан әрі, облыстық мәслихат депутаты Лаура Қолғанатқызы, аудандық мәслихат хатшысы Базарбай Шөменұлы елдің болашағы үшін елеулі саяси науқанда, яғни 5 маусым күні өтетін референдумға бір кісідей атсалысуға шақырды.

